Егер сізде білім болса, онда сізге Аллаһтың жақсылығы берілген екен. Егер сіз сол артық біліміңізге дандайсып, айналаға жоғарыдан көз тастай бастасаңыз, біліңіз.. жақында біліміңізден дым да қалмайды. Өйткені шайтан лағин да керемет білім иесі болған! Әр бір дүнияуи білімнің соңы Аллаһ Субханәка уа Таъалаға барып тірелмесе, сіз ешнәрсе үйренбепсіз...
Ілмектер: Ұлағатты сөздер, нақыл, өсиет сөздер, ойлар....
(Бұл алдымен өзіме айтылған насихат. Сосын сүйікті оқырмандарыма...)
* * *
Тәкаппар адамда кешірімшіл мінез болмайды. Өз-өзіне ғажаптанғыш, өз-өзін тым жоғары бағалайтын жан, ашуланса — ашуын жұтпайды. Ренжісе — кешірмейді. Ал шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адамның, Жәннатқа кірмейтіні жайлы Муслимнің хадистер жинағында сахих хадис бар.
Егер араларыңызда біреулеріңізді ренжіткен болсам, кешірім өтінемін?! Расында аса жоғары, ең кемел — Аллаһ қана! Ал мендегі қабілеттер тек Раббымның уақытша сыйға тартқан нығметі ғана!
* * *
Қап-қара пәренже жауып, қолына қолғап киген мұсылман әйелдер — періштелер емес. Ет пен сүйектен жаралған, эмоцияға берілгіш, жаны жараланғыш, әлсіз әпке-сіңлілер.
Әр сақалды ер-азамат — пайғамбарлар секілді кемел иманды емес. Тәулігіне 24 сағат нәпсісімен күресіп, кемшіліктерімен көзге түсіп жүрген пенделер. Егер адами құндылықтарыңыз жоғары бола тұра, шын жүректен иман келтірмесеңіз, жағдайыңыз қиын...
Исламның барлық шартын орындай тұра, адами қасиеттері болмаса, мұсылмандардың да ақыры қауіпті...! Аллаһ баршамызға кемел иман, тақуалық, көркем мінез нәсіп етсін!
Г. Қасенбай
11.06.2023
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі