Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Ұлағатты сөздер (1)

​ Егер сізде білім болса,​ онда сізге Аллаһтың жақсылығы берілген екен. Егер сіз сол артық біліміңізге дандайсып,​ айналаға жоғарыдан көз тастай бастасаңыз,​ біліңіз..​ жақында біліміңізден дым да қалмайды.​ Өйткені шайтан лағин да керемет білім иесі болған! Әр бір дүнияуи білімнің соңы Аллаһ Субханәка уа Таъалаға барып тірелмесе,​ сіз ешнәрсе үйренбепсіз...
​ ​ ​ (Бұл алдымен өзіме айтылған насихат. Сосын сүйікті оқырмандарыма...)

* * *

Тәкаппар адамда кешірімшіл мінез болмайды. Өз-өзіне ғажаптанғыш,​ өз-өзін тым жоғары бағалайтын жан,​ ашуланса — ашуын жұтпайды. Ренжісе — кешірмейді. Ал шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адамның,​ Жәннатқа кірмейтіні жайлы​ Муслимнің хадистер жинағында сахих хадис бар.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Егер араларыңызда біреулеріңізді ренжіткен болсам,​ ​ кешірім өтінемін?!​ Расында аса жоғары,​ ең кемел —​ Аллаһ қана! Ал мендегі қабілеттер тек Раббымның уақытша сыйға тартқан нығметі ғана!

* * *

​ ​ Қап-қара пәренже жауып,​ қолына қолғап киген мұсылман әйелдер — періштелер емес.​ Ет пен сүйектен жаралған,​ эмоцияға берілгіш,​ жаны жараланғыш,​ әлсіз​ әпке-сіңлілер.
​ ​ ​ ​ ​ Әр сақалды ер-азамат — пайғамбарлар секілді кемел иманды емес. Тәулігіне 24 сағат нәпсісімен күресіп,​ кемшіліктерімен көзге түсіп жүрген пенделер. Егер адами құндылықтарыңыз жоғары бола тұра,​ шын жүректен иман келтірмесеңіз,​ жағдайыңыз қиын...
Исламның барлық шартын орындай тұра,​ адами қасиеттері болмаса, мұсылмандардың да ақыры қауіпті...!​ Аллаһ баршамызға кемел иман,​ тақуалық,​ көркем мінез нәсіп етсін!

Г. Қасенбай
11.06.2023

Ілмектер: Ұлағатты сөздер, нақыл, өсиет сөздер, ойлар....