Ариадна жібі де үзілетін сəттер бар. Ілмектер: үміт, сәт Жорж Батай Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ариадна жібі де үзілетін сəттер бар.
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ. — Жиренше шешен үміт, жас
Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен. — Бауыржан Момышұлы сенім, ата-ана
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. — Уильям Шекспир жетістік, ереже
Науқастың көңілін сұрауға барғанда оған өмірі және ауруы туралы жақсы нәрселер айтып, үміт отын оятыңдар. — Хадис шәриф науқас, ауру
Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады. — Бауыржан Момышұлы үміт
Қалжыраған тән мен қасірет шеккен жан үшін үміттен асқан даруды ешбір дәрігер таба алмас. — Стефан Цвейг үміт, қасірет
Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңіл қарайып, Қарауытып көзі тұрса да – Үмітін жоймас адамзат! — Бұқар жырау ажал, үміт
Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп. — Пауло Коэльо арман, қорқыныш
Хабарлама
INFO
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі