Тіршілік бітсе қайтарып ала алмайсың, ақырет жетсе сатып ала алмайсың. Жауабы бұл жұмбақтың — өткінші құбылыс уақытың. Ілмектер: Уақыт, тіршілік, ақырет, жұмбақ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Тіршілік бітсе қайтарып ала алмайсың, ақырет жетсе сатып ала алмайсың. Жауабы бұл жұмбақтың — өткінші құбылыс уақытың.
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға! — Мұқағали Мақатаев уақыт, адам
Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәрте ел алдаса да өзіңді. — Әл – Фараби тіршілік, нақыл
Өміріңнің қалған бөлігін — өз қолыңда бар нәрселерге ғана жұмса. “You have power over your mind — not outside events. Realize this, and you will find strength.” Қайдан алынған: «Өзіңе арналған толғаныстар» (Meditationes), II кітап Бұл сөйлем дәл Марк Аврелийдің Meditations кітабында кездеседі және оның негізгі стоикалық қағидаларын қысқа әрі нақты жеткізеді: біздің ішкі әлеміміз (ның ойымыз, сезімдеріміз, реакцияларымыз) біздің бақылауымызда, ал сыртқы оқиғалар біздің бақылауымыздан тыс. PS: Өмірдің бір кезеңінен кейін адам бәрін бақылап, бәрін өзгерте алмайтынын түсінеді. Сол кезде күш-қуатты бос уайымға емес, өз еркің мен таңдауыңа тәуелді істерге бағыттау — ішкі тыныштық пен саналы өмірдің кілті. — Марк Аврелий жауапкершілік, саналы таңдау
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. — Жан-Жак Руссо ұстаз, уақыт
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе. — Зейнолла Қабдолов ұстаз, уақыт
Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. — Ғабит Мүсірепов Қазақ елі, тіршілік
Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын. — Әбіш Кекілбаев уақыт, өмір
Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану. — Саади Ширази қиын, сақтау
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі