Автобуста кетіп бара жатып бір жерге кешігіп бара жатсаңыз, кешігіп бара жатқаныңызды автобусқа білдірмеңіз. Автобус мұны сезсе одан сайын жәй жүреді )) Ілмектер: асығу, автобус Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Автобуста кетіп бара жатып бір жерге кешігіп бара жатсаңыз, кешігіп бара жатқаныңызды автобусқа білдірмеңіз. Автобус мұны сезсе одан сайын жәй жүреді ))
Автобуста кәрі кемпір арық жас адамға орын бермекші болады: - Отыр сормаңдай, соншама неге арықсың? Науқассың ба? - Жоқ, рахмет. Мен - студентпін. - Онда сырт киіміңді бер, ұстап тұрайын ! - Бұл сырт киім емес, бұл менің досым - Арман !!! автобус, арық
Бір күні бір студент бала әкесіне хат жазыпты. " Сәлеметсізбе, әке! Жағдайларыңыз қалай? Сіздер жіберген ақшаны үнемдеп, күніге автобустың артынан жүгіріп барып, жүгіріп келіп 50 теңгеден 100 теңгені үнемдеп жүрмін." Әкесі баласына былай деп жазыпты: "Балам енді микроавтобустың артынан жүгірсең, күніге 80 теңгеден 160 теңге үнемдейсің!" студент, автобус
Автобусқа отырған бір оқушы кондуктордан екі билет сатып алады. Кондуктор одан: «Балақай неге екі билет алдың?» деп сұрайды. Оқушы: «Біреуін жоғалтып алсам, екіншісін көрсетемін» - деп жауап береді. Кондуктор: «Ал екіншісін жоғалтып алсаң ше?» дегенінде бала: «Онда менде "проездной" бар» деп қалтасынан бір айға арналған жол жүру билетін көрсеткен екен. автобус, оқушы
Көлігі апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің басына келетін ең бірінші ой: -ААА, тиындар шашылатын болды! тиын, Көлік апаты
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. Қожанасыр, шапан
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі