Әркім өз түсінгенін естиді Ілмектер: түсінік Иоганн Вольфганг фон Гёте Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әркім өз түсінгенін естиді
Алты жасар балаға бірнәрсе түсіндіре алмай жатсаңыз, демек ол нәрсені өзіңіз де түсінбегенсіз — Альберт Эйнштейн түсінік, түсіну
Дүние — қайғы не қуаныш әкелмейді. Қайғы мен қуаныштың негізі — дүниені қалай түсінетінімізде. Сондықтан басымыздағы қайғыға Құдай да, өмір де, әлем де, табиғат та, тағдыр да, өзгелер де, тіпті шайтан да кінәлі емес. Нағыз кінәлі — өзіміз ғана. Ал қалғандары — тек себепкерлер. Кінәліні сырттан іздеу — адамның рухани әлсіздігінің көрінісі. Қайғы мен қуаныш, сынақ пен бақ — бәрі де біздің көзқарасымыздан, ішкі түйсігімізден, жүрек жылулығынан туындайды. Күн де, жаңбыр да, түн де, таң да — өздігінен ештеңе білдірмейді. Біреу үшін күз — сағыныш, екіншісі үшін — тыныштық, ал үшіншісі үшін — түңілу. Сол сияқты, сәтсіздік — біреу үшін күйреу, ал екінші үшін — жаңғыру нүктесі. Жоғалту — біреу үшін азап, ал біреуге — шынайы бақытқа жол ашады. Қиындық — біреудің үмітін сөндіреді, ал біреудің рухын оятады. Сол себепті өмірдің мәні — басыңнан не өткергеніңде емес, сол өткергендерге қандай мағына жүктегеніңде. Әлем — айна. Ол саған өз шындығын емес, сенің ішкі шындығыңды көрсетеді. Жүрегің тыныш болса — әлем де саған тыныш көрінеді. Жүрегіңде алай-дүлей сезінсең. әлем жойқын дауылға айналады. Өмірдегі жағдайларға, оқиғаларға мағына беріп, оларды жүрекке жақын немесе жат ету — тек өзіміздің таңдауымыз. Жүрегің тазарса — әлемің жарқырайды. Жаның тазарса — өмірің нұрға бөленеді. Өзіңмен тату болсаң — ешкімге жау болмайсың. Барлығы (жақсылық та, жамандық та) өзімізден басталады. Барлығы (нәтиже мен қорытынды) өзімізбен аяқталады. — Нарша Булгакбаев дүние, түсінік
Адамдардың қате түсінігін бөлшектеу – менің атомды бөлшектеуімнен де қиын. — Альберт Эйнштейн түсінік, Атом
Әзілді түсіне білмеу — ақымақтың қасиеті. — Закани Убәйд әзіл, ақымақ
Әркім түсінгенін естиді. — Иоганн Вольфганг фон Гёте түсінік, нақыл
Біздің сенім мен түсінікті қалыптастыратын айналадағы қоршаған орта, ғылыми тілмен айтқанда Эпигенетика. Адамның тағдыры текті тұқымына ғана емес, тұқымынан да жоғары уақыт пен заманға байланысты. Олар қандай болса, сіз де сондайсыз. Бірақ бұл уақыт пен заман қандай болса, біз де сондай болуымыз керек деген сөз емес — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, сенім
Ең әуелі өзімді бақытты етпей, басқаларды бақытты ете алмайтынымды түсіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты етпестен, басқаларға ешқандай пайдам да керегім де жоқ екенін сезіндім. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, бақыт
Сіз ақыреттік сауапты амалдарды да, дүние тұрмыс-тіршілігін де – тек бір ғана өмірде жасай аласыз – ол "Дүние" деп аталатын осы өмір. Екі өмірді (дүние мен ақырет) біртұтас, үйлесімде екенін өз-өзіңізге дәлелдеу үшін, екеуін қатар сүйіп, ең бастысы бірі себеп екіншісі салдары екенін түсінсеңіз жетіп жатыр. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, ақырет
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі