Қойға қасқыр шапса, Ит семіреді. Ілмектер: ит, қасқыр, жануар Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қойға қасқыр шапса, Ит семіреді.
Өтінем осы мақалдың мағынасы қалай?,даю 100 балл пж помогите
Мағанда кереккк
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас. қорқу, ит
Қасқыр байлағанға көнбес, Шошқа айдағанға көнбес. жануарлар, қасқыр
Қасқырдың ауызы жесе де қан, Жемесе де қан. қасқыр, жануарлар
Қараусыз қалған есек — Қасқырдың олжасы. қасқыр, жануар
Кәрі қасқыр қақпанға түспейді. кәрі, қасқыр
Ұры түн асқанша, Бөрі қыр асқанша. ұры, бөрі
Қойға қасқыр шапса, Жарлының жалғызын жейді. қасқыр, кедей
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ, Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ. қыран, құс
Қасқырлы жердің елі айтақшыл. қасқыр, қыран
Құтты қонақ келсе қой егіз табар, Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар. құт, қонақ
Жақыптың өлген ұлына, Қасқырды тартпа құнына. ұл, қасқыр
Қасқырдан қорықан қой ұстамайды. қасқыр, қой
Қасқырдың қарны тоймайды. қасқыр, қарын
Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес. қасқыр, қой
Қой жеген қасқыр көңілді, Қойшысы жаннан түңілді. қасқыр, қойшы
Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды. қой, қасқыр
Қасқыр жарып кеп салды, Қарға қарық боп қалды. қасқыр, қарға
Адам ойға тоймайды, Бөрі қойға тоймайды. адам, ой
Ер тамағы – елден, Бөрі тамағы – жолдан. ер, тамақ
Қасқырдың аузы жесе де – қан, Жемесе де – қан. қасқыр, қан
Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады. бай, қой
Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас. бөрі, бала
Бөрі қоңсысын жемейді. бөрі, қасқыр
Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды. бөрі, бөлтірік
Бөріні шопан қылсаң, «Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер. бөрі, қасқыр
Бұл бетте қандай мақал-мәтелдер бар?
ит туралы мақал-мәтелдер берілген.
ит туралы мақал-мәтелдер тағы бар ма?
ит туралы басқа да мақал-мәтелдер бар.
Жанайым
Өтінем осы мақалдың мағынасы қалай?,даю 100 балл пж помогите
Ешек
Мағанда кереккк