Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің. Анық достың қадірін зарыққанда білерсің. Ілмектер: тамақтың қадірі, достық туралы мақал-мәтел Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің. Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.
Достық, дос туралы мақал-мәтелдер: Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады. Жаман достан мың сақтан. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық. Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды. Дос та дос, дұшпан да дос мал барында. Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты. Достық, дос
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Еңкейгенге еңкей, Атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес. тәрбие, өнеге
Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық. денсаулық, сергектік
Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. бірлік
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі