Егер пойызбен жүрмейтін болсаңыз, оның жылдам не баяу жүруіне бас қатырмайсыз. Ілмектер: бас қатыру, ойлау, пойыз Маргарет Тэтчер Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Егер пойызбен жүрмейтін болсаңыз, оның жылдам не баяу жүруіне бас қатырмайсыз.
Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. — Әл – Фараби ақыл, парасат
Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды. — Дени Дидро кітап, ой
Сен туралы не ойласа да, сен әділетті деп санайтын ісіңді жасай бер. — Пифагор Әділет, ойлау
Бұлт шықса - бағбан бақшасын ойлайды. — Құтып бұлт, ойлау
Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай. — Шалкиіз Тіленшіұлы жауап, ойлау
Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе. — Иоганн Вольфганг фон Гёте ой, ойлау
Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды. Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды. Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет. Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет. Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз: 1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз. Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз. Өзіңізден сұрап үйреніңіз: – Бұл ой қаншалықты шынайы? – Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым? – Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма? 2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын. Мысалы: "Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?" "Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?" "Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?" "Мені тоқтатып тұрған не / кім?" "Мен кімге / неге сенуім керек?" Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады. 3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы. 4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады: — қуанышыңызды бөлісетін, — қайғыңызды тыңдайтын, — ойыңызды жинақтауға көмектесетін, — армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын. Тұрақты түрде жазу арқылы сіз: — өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз, — ішкі дауысыңызды естисіз, — шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз, — әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз. Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз. Есіңізде сақтаңыз: Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді. — Нарша Булгакбаев жойқын, теріс
Егер сіз бір нәрсеге сенімді болсаңыз немесе қандай да бір нәрсемен келіспейтін болсаңыз, онда өз пікіріңізді сақтап қалғаныңыз дұрыс, өйткені жұмыс барысында ойлау ерекшелігі әрқашан бағаланады. — Анна Винтур ой, пікір
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі