Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек. Ілмектер: сурет салу, мүсін жасау, талант, ән, өлең, махаббат Александр Куприн Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек.
Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім. — Әбілхан Қастеев сурет салу, тау
Ақын аз жазып, көп сурет салуы қажет. — Иоганн Вольфганг фон Гёте ақын, сурет салу
Сурет салу үшін көзіңді жұмып ән салу керек. — Пабло Пикассо сурет, сурет салу
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Хабарлама
INFO
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі