Қандай күйзеліс келсе де күлімдеп қарсы алу керек. Сонда ол сізді есуас деп ойлап, өзі қашып кетеді. Ілмектер: күйзеліс, күлімдеу Роберт Де Ниро Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қандай күйзеліс келсе де күлімдеп қарсы алу керек. Сонда ол сізді есуас деп ойлап, өзі қашып кетеді.
Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, құран
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Күйзеліске түскен кезде айналаңызға көзіңізді ашып қараңыз. — Ник Вуйчич күйзеліс
Бақыт пен қайғы – сыртқы дүниеде емес, өз санамызда. Күйзеліс – оқиға не жағдайдан емес, оларға берген мән-мағынадан туады. — Нарша Булгакбаев бақыт, қайғы
Еш күйзеліссіз өмір сүру, иман мен ғылымға қол жеткізу арқылы, қайырлы өмір сүріп, өкінбей өлу – бұдан артық берекелі өмір бар ма? — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, күйзеліс
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі