Әңгіме қаншалықты жақсы болса, соншалықты қысқа болады. Ілмектер: әңгіме, қысқа Абдулла Қаһар Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әңгіме қаншалықты жақсы болса, соншалықты қысқа болады.
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. — Лев Толстой кітап, жақсы
Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой. — Мұхтар Әуезов Төзім, Өмір
Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді. — Фрэнсис Бэкон кітап, оқу
Арзан әңгімеге құмар адам, қымбат уақытын жоғалтады уақыт, бос әңгіме
Өнер — ұзақ, Өмір — қысқа. Латыннан: Ars longa, vita brevis [Арс лонга, вита брэвис]. — Гиппократ өнер, ұзақ
...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек. — Константин Ушинский еңбек, әңгіме
Ай мен Айша(Шерхан Мұртаза)кітабының мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,айтуға оңай көркем сөз тіркесін алдық. **** Кейін,кейін күштінің әлсізді қалай қорлайтынын талай көрдім. **** Арманнан көңіл қалса-ашық аспанда күңгірт болып көрінеді.Өмірде мән-мағына қалмай,кеудең кеуек болып,дүниенің әділетсіздігінен түңіліп,қақпанға түскен қасқырдай құр кіржіңдеп қаласың. **** Адам бейшараны қуанту оңай емес екен ғой.Көңіл жетсе,бәрі жетеді екен ғой... **** Кім біледі,олар бізден гөрі бақыттырақ шығар.Мұндай сұм заман,қураған қу заман о дүниеде жоқ шығар. **** Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды. Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан: -Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен. Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ. Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды. Мен де солардың бірімін. **** Бес жасар баланың миы әлі нүкте түспеген ақ қағаздай. Әсерлі оқиға, сұлу сурет сол аппақ қағазға өшпестей жазылып қалар. **** Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде демеуші ме еді. **** Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан,әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана. **** Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық деген осы болар. — Сәлімгерей Дильназ,Шерхан Мұртаза Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» әңгімесі
Әңгіменің төркіні — әңгіме. — Қадыр Мырза Әли әңгіме, төркін
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі