Сабақты ине сәтімен. Ілмектер: ине, сәттілік, еңбек Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сабақты ине сәтімен.
Қолы ашықтың — жолы ашық. қол, жол
Берейін деген құлына, Айдап салар жолына. Бермейін деген құлына, Іздесе табылмас пұлына. құл, жол
Инең болса — иінің бүтін. ине
Тауықты таңбалауға ине де жарайды. тауық, таңба
Қыдырдың бірі - Көлденең көк атты. Мақалдың мағынасы мен түсіндірмесі "Қыдырдың бірі - Көлденең көк атты" мақалы қазақ халқында кездесетін сөз тіркестерінің бірі. Бұл мақалда "Қыдыр" – бақыт пен жақсылықтың, ырыс пен берекенің символы ретінде қабылданады. Ал "көлденең көк атты" дегеніміз – күтпеген жерден пайда болатын, әдеттен тыс жағдай немесе бір белгісіз адамның арқасында келетін өзгерістерді меңзеп тұр. Мақалдың мағынасы – бақыт, ырыс, немесе сәттілік күтпеген жерден, күтпеген адам арқылы қол жеткізілетінін білдіреді. Яғни, жақсылықты, сәттілікті бір жерден күтсең де, ол мүлдем басқа бет-бейнемен, күтпеген жағдайда келе алатынын аңғартады. Бұл қазақ мәдениетінде кездейсоқ сәттіліктің, тосын сыйдың маңызын көрсетеді. Қыдыр, бақыт
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі