Сезікті секемшіл. Ілмектер: қырағылық, сақтық Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сезікті секемшіл.
Етікшіге жолама - бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе. етікші, біз
Ақырын жүрсең — малаяқ, Қатты жүрсең - қу аяқ. жүру, сақтық
Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын. көз, сақтық
Саяқ жүрсең сақтан. сақтық, қырағылық
Аузы күйген үрлеп ішеді. ауыз, сақтық
Сауысқаннан сақ бол. сақтық, қырағылық
Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа. жылан, сақтық
Аузың толған қан болса да, Дұшпанның алдына төкпе. ауыз, дұшпан
Шөлмек мың күн сынбайды, Бір күн сынады. күн, сақтық
Аспанға қарай оқ атпа, Өзіңнің түсер басыңа. аспан, оқ
Ежелгі жауда елдік жоқ. жау, сақтық
Жау қайда деме, жар астында, Бөрі қайда деме, бөрік астында. жау, сақтық
Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар. жау, шаңырақ
Дұшпан күле кіріп, Күңірене шығар. дұшпан, сақтық
Қастағы сояу көзді аңдиды. көз, сақтық
Кек түбі — ойран. кек, сақтық
Жыланның өзі өлсе де, Құйрығы өлмейді. жылан, сақтық
Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер. жылан, аяқ
Көп жорытқан ит, күшәлаға жолығады. ит, сақтық
Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман. жау, дұшпан
Алысқан жауға арқанды көрсетпе. жау, сақтық
Күрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген жау жаман. жау, жаман
Ұйқы өліммен тең. ұйқы, өлім
Ақылсыз достан мың сақтан, Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан. ақыл, дос
Ордалы жыланмен ойнама. орда, жылан
Бұл бетте қандай мақал-мәтелдер бар?
қырағылық туралы мақал-мәтелдер берілген.
қырағылық туралы мақал-мәтелдер тағы бар ма?
қырағылық туралы басқа да мақал-мәтелдер бар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі