Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (22) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (6)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"жылан" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"жылан" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жылан" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

«Ажалсыз адам өлмес» деп,
Жыланды құйрығынан ұстама.

Ілмектер: ажал, жылан, өлім
WhatsApp Telegram

Жылан өз иірлігін білмейді,
Түйенің мойнын күндейді.

Ілмектер: жылан, түйе, күндеу
WhatsApp Telegram

Төбемде – қабылан,
Төменде – шыңырау толы жылан.

Ілмектер: төбе, төмен, жылан, қабылан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.

Ілмектер: тәтті, тіл, адам, жылан, ін, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жылы сөз жыланды іннен шығарады.

Ілмектер: жылан, сөз, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Біреудің қолымен жыланның басын мылжалайды.

Ілмектер: қол, бас, жылан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Сырты – жылан,
Іші – күл.

Ілмектер: жылан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жылан терісін өзгерткенімен,
Түрін өзгертпейді.

Ілмектер: жылан, түр, тері, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Батырды жылан шақса,
Пақырды қоңыз тістейді.

Ілмектер: батыр, жылан, пақыр, қоңыз, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жолдасыңның қолымен жылан ұстама.

Ілмектер: жолдас, жылан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жылан шаққан алажіптен қорқады.

Ілмектер: ауған мақалы, жылан, қорқу, жіп
WhatsApp Telegram

Балам жыланнан қашқандай, жазықтан да қаш.

Ілмектер: жазық, бала, жылан
WhatsApp Telegram

Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.

Ілмектер: жылан, жіп, қыс, қорқу
WhatsApp Telegram

Жылан иерлеңдесе де ініне тура кірер.

Ілмектер: жылан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.

Ілмектер: адам, жылан, құлан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.

Ілмектер: сөз, жылан
WhatsApp Telegram

Ордалы жыланмен ойнама.

Ілмектер: орда, жылан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.

Ілмектер: жылан, аяқ, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram