Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (70) Өлеңдер (116) Жоспарлар (11) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (4)

Көліне қарай - қазы,
Қысына қарай - жазы.

Ілмектер: жыл мезгілдері, қыс

Жазда жайлауды же,
Қыста қойнауды же.

Ілмектер: жаз, қыс

Шаруа
Жазда жазылады,
Қыста қысылады.

Ілмектер: шаруа, қыс, жаз

Қыс азығын жаз жина.

Ілмектер: қыс, жаз, азық

Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.

Ілмектер: қыс, жаз

Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы
Жазда сөкті жинасаң,
Қыста бала азығы.

Ілмектер: егіншілік, жаз, қыс, азық

Биік таудың басы қыс,
Баурайы жаз.

Ілмектер: қыс, жаз

Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.

Ілмектер: қыс, көктем, жер, егіншілік

Жазда жанын баққан,
Қыста қыдың қаққан.

Ілмектер: жаз, қыс

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған нұр.

Ілмектер: қыс, жаз, қар, жаңбыр, нұр

Шаруа жазда жазылар,
Қыста қысылар.

Ілмектер: шаруа, жаз, қыс, жыл мезгілдері

Қыс қысыл, жаз жазыл.

Ілмектер: қыс, жаз, еңбек, байлық

Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.

Ілмектер: мал, қыс, жаз, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Ілмектер: үркер, жұлдыз, қыс, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Қыстың көзі қырау.

Ілмектер: қыс, қырау, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.

Ілмектер: қыс, жаз, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Қыс аязымен,
Жаз самалымен.

Ілмектер: қыс, жаз, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.

Ілмектер: жылан, жіп, қыс, қорқу

Қыста — көмірші,
Жазда — темірші.

Ілмектер: қыс, жаз, темірші, көмірші, парсы мақалы

Қыстың демі —
Кедейдің кебіні.

Ілмектер: қыс, дем, кебін, кедей, парсы мақалы