Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (76) Өлеңдер (247) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (4)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"көктем" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"көктем" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "көктем" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.

Ілмектер: бақыт, көктем, бұлт, құс, түс
WhatsApp Telegram

Күзгі мұздың айнадайынан қашпа,
Көктемгі мұздың айнадайын да баспа.

Ілмектер: күз, көктем, мұз
WhatsApp Telegram

Бір гүл көктем жасай алмайды.

Ілмектер: гүл, көктем, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.

Ілмектер: қыс, көктем, шуақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Бір гүл – көктем емес.

Ілмектер: гүл, көктем, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Көктемгі жауын көп болса,
Көкпек шөбі мол болар.

Ілмектер: көктем, жауын, шөп
WhatsApp Telegram

Көктемгі әрекет, күзгі берекет.

Ілмектер: көктем, берекет, күз, әрекет
WhatsApp Telegram

Көктемеде жерге түскен бір дән.
Күзді күні мың дән болады.

Ілмектер: егіншілік, дән, көктем, күз
WhatsApp Telegram

Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.

Ілмектер: қыс, көктем, жер, егіншілік
WhatsApp Telegram

Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Ілмектер: көктем, диқан, егіншілік
WhatsApp Telegram

Көктемеде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым.

Ілмектер: көктем
WhatsApp Telegram

Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.

Ілмектер: жыл мезгілдері, қыс, көктем
WhatsApp Telegram