Үркерлі айдың бәрі қыс. Ілмектер: үркер, жұлдыз, қыс, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Үйінде ұл-қызы бардың, Көгінде сөнбес жұлдызы бар. үй, қыз
Жеті қарақшыны таныған адам, Жеті қараңғы түнде адаспайды. жұлдыз, жеті қарақшы
Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ, Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ. кедей, бай
Жаяудың жұлдызы болмас, Қалың құлан жаусыз болмас. жұлдыз, құлан
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі