Асамай жатып құлдық деме. Ілмектер: өсиет Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Асамай жатып құлдық деме.
Өнерді үйрен, үйрен де жирен. Ішің күйсе ,тұз жала, сыртың күйсе, домала. Біреу ойнап сөз сұраса сен шындап жауап бер. Ит үрді- керуен көшті. Аузы жаман ел былғайды, Аяғы жаман төр былғайды. Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ. Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесапат.Шабан ат-өршіл, Жаман адам -төршіл. Тоты құс бойына қарап зорланады, Аяғына қарап қорланады. Балалы марал маңырайды, Баласыз марал аңырайды. Жақсыға сөз ілеседі, Жаманға шөп ілеседі. Тауықсыз да таң атады. Көппен көрген -ұлы той. Жол қуған кәдеге жолығады, Сөз қуған пәлеге толығады. Көже, көзіңе айтайын, Сорпадан садаға кет! Еттің бәрі қазы емес, Иттің бәрі тазы емес. Ер қанаты- ат. Әлін білмеген -әлек. Өсиет, ақыл-кеңес
Атадан — өсиет, Анадан — қасиет. ата, ана
Атадан - өсиет, анадан - қасиет. ата, ана
Өсиет алған өлмес. өсиет, өмір
Ауру адамның айтқан өсиеті Жақсылық жайында болады. ауру, адам
Аурудың өсиеті — ізгі. ауру, өсиет
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі