Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Өнерді үйрен, үйрен де жирен. Ішің күйсе ,тұз жала, сыртың күйсе, домала. Біреу ойнап сөз сұраса сен шындап жауап бер. Ит үрді- керуен көшті. Аузы жаман ел былғайды, Аяғы жаман төр былғайды. Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ. Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесапат.Шабан ат-өршіл, Жаман адам -төршіл. Тоты құс бойына қарап зорланады, Аяғына қарап қорланады. Балалы марал маңырайды, Баласыз марал аңырайды. Жақсыға сөз ілеседі, Жаманға шөп ілеседі. Тауықсыз да таң атады. Көппен көрген -ұлы той. Жол қуған кәдеге жолығады, Сөз қуған пәлеге толығады. Көже, көзіңе айтайын, Сорпадан садаға кет! Еттің бәрі қазы емес, Иттің бәрі тазы емес. Ер қанаты- ат. Әлін білмеген -әлек.

Ілмектер: Өсиет, ақыл-кеңес, ұлағат

Пікірлер (1)

bazargul

Мақал- мәтелдер - халық қазынасы. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Оқушым  Черубаев Мадиярдың қосқан үлесі ерекше деп айта аламын. Тәрбие сабағында көбірек пайдаланып, оқушының тілін дамытуға берері мол.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз


Басқа да бөлімдер: