Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің, Көп болдыдеп қуанба, зая болса қайтесің. Ілмектер: аз, көп, зая, қуану, күйіну Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің, Көп болдыдеп қуанба, зая болса қайтесің.
Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық. денсаулық, сергектік
Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас қазақ мақалы, бала тәрбиесі
Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. қазақ мақалы
Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, Қазан аты бір бөлек. азамат, жігіт
Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. Әдеп, қазақ мақалы
Жақсымен жолдас болсаң, Жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, Қаларсың ұятқа. достық, қазақ мақалы
Оқу инемен құдық қазғандай. оқу, қазақ мақалы
Балалы үй — базар, Баласыз үй — қу мазар. бала, үй
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі