Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (4)

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Ілмектер: қатын, көп, ит

Сөзі көп те, мәні жоқ,
Сабаны көп те, дәні жоқ.

Ілмектер: егіншілік, көп, сөз

Шөп те болса, көп болсын.

Ілмектер: көп, шөп

Көп ауызы дуалы.

Ілмектер: көп, көпшілік

Көп асқанға —
Бір тосқан.

Ілмектер: көп

Көпке ұнамаған
Көбеймейді.
Көп қарғысына ұшыраған
Көгермейді.

Ілмектер: көпшілік, көп, қарғыс

Көппен жүрген көңілді,
Көп түзетер кеміңді.

Ілмектер: көпшілік, көп

Сайда саны көптің
Қырда шаңы көп.

Ілмектер: сан, көп, көпшілік

Көп ауыз біріксе,
Кере ауыз жоқ болады.

Ілмектер: көп, көпшілік

Көп шайнаған
Қартаның дәмі болмас.

Ілмектер: көп

Көптің аузы дуалы.

Ілмектер: көп, ауыз, дуа

Ісім жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.

Ілмектер: іс, көп, су

Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.

Ілмектер: Көп, ел, халық, көпшілік, аз, азап, жақсылық

Көпсінген азға жегізер.

Ілмектер: көп, аз

Азды алмаған, көптен құр қалады.

Ілмектер: аз, көп, қанағат

Ақылды кісінің белгісі - аз сөйлеп, көп тыңдау.

Ілмектер: ақыл, аз, көп, сөз, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің,
Көп болдыдеп қуанба, зая болса қайтесің.

Ілмектер: аз, көп, зая, қуану, күйіну

Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.

Ілмектер: дос, дұшпан, аз, көп, ауған мақалы

Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.

Ілмектер: аз, көп, залық, ел

Көпке ұнаған құдайға да ұнайды.

Ілмектер: көп, халық, ел

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...