Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (30) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (5)

"жыл" туралы Мақал-мәтелдер

"жыл" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жыл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ауылдың қонағы айда-жылда бір қонар.

Ілмектер: ауыл, қонақ, ай, жыл, қону
WhatsApp Telegram

Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.

Ілмектер: іс, қыңыр, жыл
WhatsApp Telegram

Қырғыздікі қырық жылда.

Ілмектер: жыл, қырғыз, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.

Ілмектер: астық, жыл, көп, тағам, ас, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жыл ұлық емес,
Ажал – ұлық.

Ілмектер: ажал, жыл, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қарынбай малға тоймайды,
Лұқман жылға тоймайды.

Ілмектер: мал, жыл, қанағат
WhatsApp Telegram

Жыл бойы қайда болсаң, онда бол
Белдезерде1 үйде бол.

1.Белдезер — ақпан-наурыз айлары

Ілмектер: жыл, ай, ақпан, наурыз, үй
WhatsApp Telegram

Ел алмаған елу жыл жатады.

Ілмектер: жыл, ел, халық
WhatsApp Telegram

Он екі жылда ердің құны салауат.

Ілмектер: жыл, ер, құн
WhatsApp Telegram

Сыған сопы болғанша,
Өтер екен жыл қанша?

Ілмектер: жыл
WhatsApp Telegram

Тышқан көп жылы —
Тоқшылық,
Қоян көп жылы —
Жоқшылық.

Ілмектер: тоқшылық, жоқшылық, жыл
WhatsApp Telegram

Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.

Ілмектер: жыл, ай, уақыт
WhatsApp Telegram