Аққу айдын көлде жүзеді, Ару айдын көңілде жүзеді. Ілмектер: аққу, айдын, көл, ару Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Аққу айдын көлде жүзеді, Ару айдын көңілде жүзеді.
Айдындағы аққуды Ақылды мерген атпайды, Ақ еркесін айдынның Атуға қолы батпайды. мерген, ақыл
Аққу айдынын аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. адам, туған жер
Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ. аққу, сүт
Аққу шалшықтан шықса да аппақ. аққу, шалшық
Ай толық болса, Айдыны әлемге кетер. ай, айдын
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі