Мақал-мәтелдер жинағы

Кейде қысқа ғана бір мақал мәтел ұзақ ақылдан да әсерлі болады. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған даналығы мақал мәтелдер арқылы бүгінге жеткен. Бұл бөлімде өмірдің түрлі жағдайларына қатысты терең мағыналы мәтелдер мен тәрбиелік мәні зор халық сөздері топтастырылған.

Егер сіз қазақша мақал мәтелдер, сабаққа немесе өмірде қолдануға ыңғайлы мақал мәтелдер жинағы іздесеңіз, осы беттен таба аласыз. Мұнда түсінікті, есте сақтауға жеңіл мақал-мәтелдер тұрақты түрде толықтырылып, бөлім жаңарып отырады, сондықтан жаңа үлгілер үнемі қосылып тұрады.

Еңбек ердің — санаты,
Білім ердің — қанаты.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ғылым — жанып тұрған шырақ.

Ілмектер: өнер, ғылым
WhatsApp Telegram

Сиырдың сүті — тілінде,
Жігіттің құты — білімде.

Ілмектер: құт, білім
WhatsApp Telegram

Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы — жүрегінде.

Ілмектер: ақыл, жүрек
WhatsApp Telegram

Ақыл — дария,
Алса да таусылмайды.
Жер — қазына,
Сауса да таусылмайды.

Ілмектер: ақыл
WhatsApp Telegram

Ғалыммен жақын болсаң,
Қолың жетер.
Залыммен жақын болсаң,
Басың кетер.

Ілмектер: ғылым
WhatsApp Telegram

Болат біз — қап түбінде жатпас.

Ілмектер: білім, ақыл
WhatsApp Telegram

Үйінде озған — түбінде озар.

Ілмектер: үй, озу
WhatsApp Telegram

Адасқанның
Артындағысы біледі.
Жаңылғанның
Жанындағысы біледі.

Ілмектер: білу
WhatsApp Telegram

Көрмегенге көсеу таң.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Күш — білімде,
Білім — кітапта.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Ақылы терең адамның
Аясы кең келеді.
Тамыры терең шынардың
Саясы кең келеді.

Ілмектер: адам, ақыл
WhatsApp Telegram

Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.

Ілмектер: ақыл, еріншек
WhatsApp Telegram

Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.

Ілмектер: әдеп, бала, жігіт, абырой
WhatsApp Telegram

Алпыс нарың болғанша,
Ақылды жарың болсын.

Ілмектер: ақыл
WhatsApp Telegram

Аштың ақылы тамағында,
Жаяудың ақылы табанында.

Ілмектер: ақыл
WhatsApp Telegram

Аяқ — азамат,
Қол — мүлік,
Бас — сандық,
Тіл — кілт.

Ілмектер: тіл
WhatsApp Telegram

Қанағатсыздың көзі үлкен,
Ақылсыздың сөзі үлкен.

Ілмектер: ақыл
WhatsApp Telegram

Арғымақ болса мінгенің,
Алыс жер жақын емес пе?
Ақылды болса сүйгенің
Аласың жақын емес пе?

Ілмектер: ақыл
WhatsApp Telegram

Ақылды жылдығын,
Ақылсыз күндігін ойлайды.

Ілмектер: ақыл
WhatsApp Telegram

Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды.

Ілмектер: дана
WhatsApp Telegram

Күш-қуатым барда
Көшіп-қонып алайын,
Ақыл-есім барда,
Ойлап-толғап қалайын.

Ілмектер: ақыл, ой
WhatsApp Telegram

Аңғырт — айтпасаң білмес,
Ашпасаң көрмес.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Екі баланың арасындағы шал
Бала болады.
Екі шалдың арасындағы бала
Дана болады.

Ілмектер: бала, дана, шал
WhatsApp Telegram

Үгітті ұққанға айт,
Ақылды жұққанға айт.

Ілмектер: ақыл
WhatsApp Telegram

Ердің атын аты шығарар,
Ғалымның атын хаты шығарар.

Ілмектер: ер, ғалым
WhatsApp Telegram

Оқыған қара суды теріс ағызар,
Ошаққа қара тастан май тамызар.

Ілмектер: оқу, білім
WhatsApp Telegram

Адам ақылымен бай,
Жер дақылымен бай.

Ілмектер: адам, ақыл
WhatsApp Telegram

Жоғары қарап пікір ет,
Төмен қарап шүкір ет.

Ілмектер: шүкір
WhatsApp Telegram