Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (32) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (13)

"ғалым" туралы Мақал-мәтелдер

"ғалым" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ғалым" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ғалым болмақ оңай,
Адам болу қиын.

Ілмектер: ғалым, адам
WhatsApp Telegram

Тәжірибесіз ғалым –
Балсыз ара.

Ілмектер: ғалым, тәжірбие, бал, ара, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ғалым тәлімін өзінен бастасын.

Ілмектер: ғалым, тәлім, тәрбие, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ғалым алдында аузыңды тый.

Ілмектер: ғалым, үлгі, өнеге, Тәрбие, тәлім
WhatsApp Telegram

Кітап ғалым - тілсіз мұғалім.

Ілмектер: кітап, ғалым, тіл, мұғалім
WhatsApp Telegram

Өзiң бiр жақсы ғалым болсаң,
Елге мәшһүр мәлiм боларсың.

Ілмектер: ғалым, ел, мәшһүр
WhatsApp Telegram

Залым жайын залым білер,
Ғалым жайын ғалым білер.

Ілмектер: залым, ғалым
WhatsApp Telegram

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Ілмектер: надан, ғалым, білім, ілім, ақымақ, әкім, ұста, өнер
WhatsApp Telegram

Ердің атын аты шығарар,
Ғалымның атын хаты шығарар.

Ілмектер: ер, ғалым
WhatsApp Telegram

Еңбегі жоқ ғалым —
Ыстығы жоқ жалын.

Ілмектер: еңбек, ғалым
WhatsApp Telegram

Жүлде алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Білгені беку «ғалымнан»
Басалқа айтқан есті артық.

Ілмектер: ғалым
WhatsApp Telegram