Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Ата жолы— бала жолы.

Ілмектер: ата, бала, жол

Үйде атан, түзде бурамын.

Ілмектер: үй, түз

Жұмысқа жұғымы жоқтың
Жолдасқа жылымы жоқ.

Ілмектер: жолдас, жұмыс

Жұлдызы жанған жігіттің
Жүрсе, жолы болады.
Жарқырап оты үміттің
Желі оңынан тұрады.

Ілмектер: жігіт, жол

Жолы болар жігітке
Жолдан жолдас қосылар.

Ілмектер: жол, жолдас, жігіт

Жолы болар жігіттің
Жөнге басар бәр ісі.
Жолы болмас жігіттің
Ілік іздер әр ісі.

Ілмектер: жол, жігіт

Жолға шықпас бұрын,
Жолдасыңды сайла.
Үй салмас бұрын
Көршіңді ойла.

Ілмектер: жол, жолдас

Қолы кеңнің — жолы кең.

Ілмектер: жол

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Ілмектер: жол, той

Жол жүрсең,
Шабанға кіріптар қылмасын.
Жолдас болсаң,
Наданға кіріптар қылмасын.

Ілмектер: жол, жолдас

Жақсы жол
Ұзақ та болса — жақын.
Жаман жол
Жақын да болса — алыс.

Ілмектер: жол

Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған бәлеге жолығады.

Ілмектер: жол

Жол жүргінді
Жұртты жайға жеткізеді.

Ілмектер: жол

Аңшының ажалы аңынан.

Ілмектер: аңшы, ажал

Жол анасы — із,
Ер анасы — түз.

Ілмектер: жол

Аттылы, жаяу келеміз баяу.

Ілмектер: жол, жолаушы

Жолдасы көптің —
Жорғасы көп.

Ілмектер: жолдас

Бір күндік жолға шықсаң
Үш күндік жол азық ал.

Ілмектер: жол

Жоқ іздеген
Жоғалғанды табады.

Ілмектер: іздеу, табу

Тапқан қуанар,
Таныған алар.

Ілмектер: табу, тану