Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Салақ қатынның етін құрт жейді,
Терісін ит жейді.

Ілмектер: қатын, салақ

Тоқал байғұс тоғына мәз,
Бәйбішенің жоғына мәз.

Ілмектер: отбасы, тоқал, бәйбіше

Қатыны өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.

Ілмектер: үйлену, қатын

Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.

Ілмектер: қатын, отбасы

Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Екі жарты — бір бүтін,
Ерлі-қатын — бір түтін.

Ілмектер: отбасы

Қатыны би жігіттің
Қайын елі кәдірлі.

Ілмектер: қатын, жігіт, отбасы

Қасық асым —
Қайғысыз басым.

Ілмектер: үйлену, отбасы

Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.

Ілмектер: қатын, отбасы

Керенауды күлісінен білерсің,
Сүр бойдақты жүрісінен білерсің.

Ілмектер: үйлену

Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.

Ілмектер: ата, ана, отбасы

Ұрыспай айрылған
Ұялмай қосылар.

Ілмектер: отбасы

Екі қатын алғаның —
Өзіңді отқа салғаның.

Ілмектер: қатын, үйлену

Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда.

Ілмектер: үйлену, отбасы

Қатын мен қатын
Құдық басында кездесер,
Су мен отын
Ошақ басында кездесер.

Ілмектер: қатын, отбасы

Қатының жақсы болса — шырағың,
Атың жақсы болса — пырағың.

Ілмектер: қатын, отбасы

Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.

Ілмектер: үйлену, отбасы, қатын

Жалқау қатынның төсегі
Тал түске дейін жиылмас.

Ілмектер: қатын, отбасы

Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер,
Илеген терісі шіріп кетер.

Ілмектер: қатын, отбасы

Жақсы әйелдің қолы ұзын,
Жаман әйелдің тілі ұзын.

Ілмектер: әйел, отбасы