Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жаман байыса,
Жақынын танымас.

Ілмектер: жаман

Жаман теке сүзіскек,
Жаман жігіт ұрысқақ.

Ілмектер: жаман, жігіт

Жаман деп бесікке күлме,
Тар деп бар есікке күлме.
Бесік — ұшар ұяң,
Есік — алтын шыған.

Ілмектер: жаман, бесік

Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.

Ілмектер: жаман, мақтаншақ

Қарау
Қара басының қамын ойлайды.

Ілмектер: достық

Жыланның сырты жұмсақ,
Тісі заһар.
Жауыздың тілі жұмсақ,
Ниеті қатал.

Ілмектер: жауыз, ниет

Қазан қолыңды күйелейді,
Жаман жүзіңді күйелейді.

Ілмектер: жаман

Қайталаған дерт жаман,
Қайта бұзған серт жаман.

Ілмектер: дерт, серт, жаман

Кімді қор тұтсаң,
Соған зар боларсың.

Ілмектер: қор, зар

Өлімнен қорлық жаман.

Ілмектер: жаман, өлім

Жерді жамандама,
Сенің туған анаң.
Халықты жамандама,
Паналайтын панаң.

Ілмектер: жаман

Жаманның сөзін сөйлеме,
Жасықтың дауын даулама.

Ілмектер: жаман, жастық, дау

Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.

Ілмектер: жаман, еркек, қатын, отбасы

Жыланға түк біткен сайын
Қалтырауық болады.
Жаманға мал біткен сайын
Бақырауық болады.

Ілмектер: жаман

Көк соққаннан,
Көп соққан жаман.

Ілмектер: жаман

Жаман артық қылам деп
Тыртық қылар.

Ілмектер: жаман

Жаман етігін майлар,
Етігі етегін майлар,
Етегі көпшігін майлар,
Көпшігі құйрығын майлар.

Ілмектер: жаман

Құлқы жаманның
Қасында болма.
Құнты жаманның
Асында болма.

Ілмектер: жаман

Жаманның ақылы қалтасында,
Ақымақтың ақылы балтасында.

Ілмектер: жаман, ақымақ

Үндемегеннің ішінде,
Үйдей бәле жатады.

Ілмектер: үндемеу, бәле

Пікірлер