Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Өтірік айтқанша үндемеген абзал.

Ілмектер: өтірік

Ер жігітке өлімнен ұят күшті.

Ілмектер: ұят

Ел намысы – ер намысы.

Ілмектер: ел

Мал сақтама, ар сақта.

Ілмектер: ар

Көз көргенді көңіл тілейді.

Ілмектер: көңіл

Есек болса, ерттеуші табылар.

Ілмектер: есек

Себепсіз сергелдең жоқ.

Ілмектер: себеп

Жолдасы жақсы — жолды болар,
Жолдасы жаман — қолды болар.

Ілмектер: жол, жолдас

Жорға мінген,
Жортақы мінгенмен жолдас емес.

Ілмектер: жолдас

Қабаған ит келер ырысты қайырар,
Қарау қатын жолдасыңнан айырар.

Ілмектер: жолдас, қатын

Ұлы жол,
Үйіңнің табалдырығынан басталады.

Ілмектер: жол, үй

Әңгіме жолдан қалдырар,
Жолсыздық ұрыға алдырар.

Ілмектер: жол, ұры

Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.

Ілмектер: жол, жігіт, той

Жаманмен жолдас болсаң,
Жаласына қаласың,
Наданмен жолдас болсаң,
Бәлесіне қаласың.

Ілмектер: жолдас

Алысқа сілтейтін —
Асыл — мұрат.

Ілмектер: мұрат

Сөз анасы — құлақ
Жол анасы — тұяқ.
Су анасы — бұлақ.
Көз анасы — шырақ.

Ілмектер: жол, су

Жасық жолдастан
Жыңғыл таяқ артық.

Ілмектер: жолдас

Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.

Ілмектер: ар, намыс, жігіт, жолдас

Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.

Ілмектер: сөз, аяқ, қол, көз

Сара жолдың қадірін
Адасқанда білерсің.
Қарындастың қадірін
Қарасқанда білерсің.

Ілмектер: жол, қадір