Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.

Ілмектер: мінез, адам

Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.

Ілмектер: ұста, ұстаз

Ат тұсаусыз болмас,
Адам дұспансыз болмас.

Ілмектер: адам

Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,
Алдында жанар мұраты.

Ілмектер: адам, арман

Көрген сайын «сіз» десіп,
Сыйласқанға не жетсін.
Шашылғанды бірлесіп.
Жинасқанға не жетсін.

Ілмектер: сыйластық, адам

Атты жол,
Адамды жолдастық сынайды.

Ілмектер: жол, адам, жолдас

Жабағы тайды қорлама
Жазға шықса, ат болар,
Жас жігітті қорлама
Жұртына ертең бас болар.

Ілмектер: адам, жігіт, қорлық

Адал кісі арымас,
Арам кісі жарымас.

Ілмектер: арам, адал, адам

Асқанға аспан да аласа.

Ілмектер: адам

Қаланған қыш құламас,
Қайырымды адам жыламас.

Ілмектер: адам

Кісі арасында кісі бол,
Үлкені болма, кіші бол.
Қызмет қылсаң жорғалап,
Маңдайдан терің сорғалап,
Азаматтың ісі бұл.

Ілмектер: кісі, адам, қызмет

Бір беткей адам — бірлікті бұзады,
Теріс мінез адам тірлікті бұзады.

Ілмектер: адам

Әркім қылығынан табар,
Пейілінен жазар.

Ілмектер: адам, пейіл, қылық

Ерінген қалар ұятқа,
Іздеген жетер, мұратқа.

Ілмектер: мұрат, адам

Адамның жуасын
Аяққа басады.
Аттың жуасын
Ұры мініп қашады.

Ілмектер: адам, жуас, төрт түлік мал

Тінтінген — тілегіне жетеді.

Ілмектер: тілек, адам

Қисық ағаш қиыспайды,
Қыңыр кісі сыйыспайды.

Ілмектер: кісі, адам

Адам кейінгіні көріп, қартаяды,
Алдыңғыны көріп, марқаяды.

Ілмектер: адам

Қыңыр адам топқа кірмес,
Топқа кірсе түзу жүрмес.

Ілмектер: адам

Болбыр адамның бұқасын
Қасқыр жейді,
Берік адамның бұқасын
Қасқыр тақсыр дейді.

Ілмектер: адам