Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жоқшылық — жігіттің
Қолын байлар,
Такаппарлық — жігіттің
Жолын байлар.

Ілмектер: жігіт

Жігіт — арының құлы,
Жаман — малының құлы.

Ілмектер: жігіт, жаман

Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.

Ілмектер: адам, сыр

Сұраған адам — қайыршы,
Ұрлаған адам — қарақшы.

Ілмектер: адам

Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды.

Ілмектер: сыйлау, кісі, адам

Сыпайылық жоқ жерде,
Сыйласу да жоқ.

Ілмектер: сыпайылық, сыйласу

Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.

Ілмектер: жігіт, кісі, адам

Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.

Ілмектер: кісі, адам

Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Ілмектер: тәрбие, адам

Сыпайы тоңбас, қалтырар.

Ілмектер: сыпайы, адам

Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.

Ілмектер: адам, сыпайы

Кісінің шырайына қарама,
Райына қара.

Ілмектер: кісі

Пәрменсіз адам болса да,
Армансыз адам болмайды.

Ілмектер: адам, арман

Жүрегіңнің жұмбағын
Жүзің шешіп береді,
Жүзің шешіп бермесе,
Сөзің шешіп береді.

Ілмектер: сөз, жүрек, адам

Шірік ағашқа асылма, құларсың,
Шірік адамға бас ұрма, жыларсың.

Ілмектер: адам

Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.

Ілмектер: жаман, тіл, адам

Өрлеген балық ауға жолығар,
Өркөкірек жігіт, дауға жолығар.

Ілмектер: жігіт, дау

Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер.

Ілмектер: ақылды, жігіт

Шындықтың шырқы бұзылмас,
Өтіріктің өрмегі жиылмас.

Ілмектер: өтірік, шындық

Кемеңгер келістіден шығар,
Қара байыр, желістіден шығар.

Ілмектер: адам, кемеңгер