Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Құс тамағы үшін қолға түседі,
Балапаны үшін торға түседі.

Ілмектер: құс, балапан

Баба бүркіт барлап ұшады,
Бала бүркіт парлап ұшады.

Ілмектер: бала, баба

Еңбек - адамның екінші анасы.

Ілмектер: еңбек, ана

Қорқақ көлеңкесінен қорқады.

Ілмектер: қорқақ

Еңбек ет те, мақтан, ойнап күл де, шаттан.

Ілмектер: еңбек

Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой.

Ілмектер: адал, еңбек, ой, дос

Алдыңа бір қарасаң, артыңа екі қара.

Ілмектер: қазақ мақалы

Қорыққанға қос көрінер.

Ілмектер: қорқу

Еңбек түбі - береке.

Ілмектер: еңбек, береке

Алма, піс, аузыма түс.

Ілмектер: жалқаулық, еріншектік

Бірігіп көтерген жүк жеңіл.

Ілмектер: бірлік

Жаман үлесінен құр қалар.

Ілмектер: жаман, үлес

Еңбексіз өнбек жоқ.

Ілмектер: еңбек

Әдептілік - адам көркі.

Ілмектер: әдептілік, адам

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Ілмектер: әдеп, ата-ана, бала

Өтірік сөз жанға қас.
Өткір пышақ қынға қас.

Ілмектер: өтірік, сөз

Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.

Ілмектер: білім, ақыл

Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

Ілмектер: ата, бала

Ақыл - ауыздан,
Мерей - көзден.

Ілмектер: ақыл, мерей

Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

Ілмектер: үлкен, кіші, ізет