Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Өлетін бала молаға қашады.

Ілмектер: бала, мола

Жетімнің ризығы — жұрттан.

Ілмектер: жетім, жұрт

Бала — бауыр,
Дос — тамыр.

Ілмектер: бала, дос

Болатын бала — пысық,
Жауатын күн — ыстық.

Ілмектер: бала, пысық, күн

Күлшелі бала — сүйкімді.

Ілмектер: бала

Нар баласын қарпып сүйер.

Ілмектер: төрт түлік мал, бала

Ата балаға сыншы.

Ілмектер: ата, бала

Баласыз ана — гүлсіз алма.

Ілмектер: бала, ана

Жетімге жеті бидай да тамақ.

Ілмектер: жетім, тамақ

Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.

Ілмектер: ана сүті, бал

Ағайын — алтау,
Ана — біреу.

Ілмектер: ағайын, ана

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Ілмектер: ана, ата, құрмет

Атаның құны, ананың сүті,

Ілмектер: ата, ана, сүт

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Ілмектер: дос, сөз

Жігіт көркі - өнер.

Ілмектер: жігіт, өнер

Ер дәулеті — еңбек.

Ілмектер: ер, еңбек

Кітап - алтын қазына.

Ілмектер: кітап, қазына

Күндес көргеннің қызын алма.

Ілмектер: қыз

Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.

Ілмектер: әке, ұл, қыз, шеше

Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.

Ілмектер: ел, жақсы