Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.

Ілмектер: жақсы, аңқау

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы аттан жығылса,
Жаман табашы болады.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы жүрген жеріне кент болар,
Жаман жүрген жеріне өрт салар.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы алдында жалдырарсың,
Жаман алдында тарынарсың.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы атын мақтар,
Жаман қатынын мақтар.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.

Ілмектер: жақсы, жаман, қарт

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам

Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Ілмектер: жақсы, ырыс

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Ілмектер: жақсы, адам, сөз, ырыс

Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман қатынның тілі ащы.

Ілмектер: жаман, тіл, ащы

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Ілмектер: жақсы, жолдас

Жақсы болсаң – жақын көп.

Ілмектер: жақсы

Бұқаның өзі қартайса да, мұрны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.

Ілмектер: жақсы, көңіл

Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама,
Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.

Ілмектер: жаман, сынау

Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар,
Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.

Ілмектер: жаман, туыс, жігіт

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың қолды ерітеді.

Ілмектер: жақсы

Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

Ілмектер: жақсы

Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп үйіне барма.

Ілмектер: жақсы