Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің дәмі тәтті.

Ілмектер: жалқаулық, еңбек

Пәлелі жерді баспа,
Басыңа түссе, саспа.

Ілмектер: пәле, бас

Мұзға сүйенбе.

Ілмектер: мұз

Ойыннан от шығады.

Ілмектер: ойын, от

Қысың қарлы болса,
Жерің ылғалды болады.
Жерің ылғалды болса,
Еккенің нәрлі болады.

Ілмектер: жер

Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.

Ілмектер: нан, қар

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Ілмектер: отан, адам

Туған жердің жуасы да тәтті.

Ілмектер: туған жер

Әркімнің өз жері - жұмақ.

Ілмектер: жер, жұмақ

Жері байдың елі бай.

Ілмектер: ел, жер, байлық

Отанды сүю отбасынан басталады.

Ілмектер: отан, сүю

Отан - оттан да ыстық.

Ілмектер: отан

Досың сүйінсін,
Дұшпаның күйінсін.

Ілмектер: достық, дұшпандық

Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.

Ілмектер: мақтаншақтық, батырлық

Салақ бала сасқалақ,
Ұқыпты бала басқарақ.

Ілмектер: бала, салақтық, ұқыптылық

Ұрлық түбі - қорлық.

Ілмектер: ұрлық

Жаман дос - көлеңке.

Ілмектер: жаман, дос

Оқысаң, озарсың,
Оқымасаң, тозарсың.

Ілмектер: оқу

Сақтықта қорлық жоқ.

Ілмектер: сақтық

Күлме досыңа, келер басыңа.

Ілмектер: дос