Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Сын ерді шыңдайды,
Қорқақты қинайды.

Ілмектер: сыр, ер, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әскерсіз — қолбасшы қауқарсыз, басшысыз — әскер әлсіз.

Ілмектер: әскер, қолбасшы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Бұйрық — алғыр басшының ой-арманы.

Ілмектер: Бұйрық, басшы, алғырлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Ілмектер: Мейірім, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Көп адамдар Аффирмацияларды дұрыс жасамайды. Сол себептен ол оларға көмектеспейді, пайдасын көре алмаған олар «Ішкі әлемге енді қайтіп оралмаймын», «Өтірік бәрі» дейді де, қайтадан "Сыртқы" әлемге тәуелді болады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, аффирмация, адам Нарша Булгакбаев

Негізінде әр-түрлі ойлардың басын біріктіре алатын адамды ақылды деп айтуға жетпейді. Жалпы біздің ойларымыз шашыраңқы болып келеді, сол себепті оларды жинақтай білу керек. Дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдай алу үшін адам ең бастысы өз ойларымен айналысуы керек. Оның неше түрлі тәсілдері бар, бастысы қорықпау қажет.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ой, адам, ақылды, ақылды адамдар Нарша Булгакбаев

Қашу — жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

Ілмектер: Қашу, жау, жол, опасыздық, өлім, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұшқынсыз от тұтанбас.

Ілмектер: Ұшқын, от, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сыртқы тәртіпсіздік — адамның ішкі кемшілігі.

Ілмектер: тәртіпсіздік, тәртіп, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сөздердің өзі сөйлейді.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рәбиға Сыздықова

Пайдалы, нәтежиелі, дәлелденген ақпарат; білім мен тәжірибеге сүйене отырып жазылған кітап; міндетті түрде пайдасын береді! Қазіргі уақытта ең танымал жазушылар адамның СЫРТҚЫ өмірін (тұрмыс-тіршілігін) жазатындар емес, ішкі жан дүниесін (болмысын) жазатындар, олардың басты артықшылығы, бір маңызды нәрсені түсінді – проблема СЫРТТА емес.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, жазушы, білім алу Нарша Булгакбаев

Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.

Ілмектер: ашу, ыза, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Батыр — батыр емес, батырларды бастаған батыр.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ана үшін аянба — ант ұрады,
Бала үшін аянба — бетің күйеді.
Ел үшін аянба — жігіттілігіңе сын.

Ілмектер: ана, бала, ант, сын, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

Ілмектер: өлім, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сәтті және бақытты өмір қоршаған шындық пен сіздің санаңыздың арасындағы дұрыс қарым-қатынасқа байланысты. Адамның дүниеге келген кезден бастап 3 түрлі байланысы болады:
— Өз-өзімен байланысы
— Өзгелермен/Өмірмен (орта) байланысы
— Жаратушымен және оның жаратқан заңдылықтарымен (оны басқаша ғылым деп атайды) байланысы

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Сәттілік, бақыт, Өмір, шындық, сана, қарым-қатынас, жаратушы, Заң, ғылым Нарша Булгакбаев

Дүние — дүрмек өткінші.

Ілмектер: Дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Манаш Қозыбаев

Адамның жан-тәніне түсетін жөнсіз сын мен ауыртпалықтан, арып-ашу мен қажудан мүмкіндігінше аулақ болған жөн.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сын Бауыржан Момышұлы

Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни, міндет адамға парызды жүктейді. Сондықтан да парыз бен міндет адамның қызмет әрекетінде де әр түрлі.

Ілмектер: парыз, міндет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Екіжүзділік — жалған жаны ашушылық, түсінушілік, ұғынушылық, пікірлестік, өтірік нәрсені шын деп, шынды жасырып көрсетушілік.

Ілмектер: Екіжүзділік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық Бауыржан Момышұлы