Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Аш-жалаңаш болсаңыз да, кеудеңiздi биiк ұстаңыз.

Ілмектер: Томас Джефферсон, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Джефферсон

Кез келген көңiлсiз жайдан мағына iздеу — мәнiнен айрылған iспен тең.

Ілмектер: мән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан

Шiрiген лалагүл арам шөптен бетер сасиды.

Ілмектер: лалагүл, арам, шөп, сасу, сасық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Егер қайсыбiр ауруға қарсы тым көп ем белгiленсе, бұл аурудың жазылмастығын бiлдiредi.

Ілмектер: ауру, ем, денсаулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов

Дана адамдардың iсiне ақыл, ортан қол кiсiлердiң iсiне тәжiрибе, надандардыкiне — қажеттiлiк, жануарлардыкiне — табиғат түрткi болады.

Ілмектер: дана, ақыл, тәжiрибе, надан, қажеттiлiк, жануар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Бiр нәрсенi үйренгiсi келген адамдарға оларды үйретiп жүргендердiң беделi жиi бөгет жасайды.

Ілмектер: бедел, бөгет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Қызметкерлердi қадағаламау дегенiмiз оларға әмиянның аузын ашық қалдыру деген сөз.

Ілмектер: Қызметкер, әмиян, қадағаламау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Соқыр тәуекелдiң элементтерi, бар iстi негiзсiз тәуекелге байлайтындай көп болмауы тиiс, дегенмен iстi ұялмай қолға алатындай болу үшiн аз да болмауы керек.

Ілмектер: тәуекел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұят Оскар Уайльд

Сенiң iстерiңдi өзiңнiң айналаңдағы адамдар қалай бағалайтынын ойлан. Өзiңе жағымды нәрселердiң бәрi басқаларға ұнай бермейдi.

Ілмектер: адам, бағалау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Егер әрi қарай өсу болмаса, батар күн де алыс емес.

Ілмектер: өсу, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Әр сан өзіндік ерекшелікке ие.

Ілмектер: сан, ерекшелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Iрi наградалар керi кетушiлiктiң белгiсi… Ең нашар императорлар сый-сыяпатқа жомарт болатын.

Ілмектер: нашар, басшы, император, сый, сыяпат, жомарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Әйткенмен де, монарх тақта тек құйрығымен ғана отырады.

Ілмектер: монарх, тақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Көтермелеудi жиi пайдаланыңыз. Адамдағы түзегiңiз келетiн кемшiлiк оңай жөнделетiн сияқты көрiнсiн, ал оны үйiрiп әкететiн iсiңiз жеңiл орындалсын.

Ілмектер: Көтермелеу, адам, кемшілік, жеңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Тек әйелдермен және арам адамдармен жұмыс iстеу қиын. Олармен жақындассаң — тыңдаудан қалады. Олардан алыстасаң — олардың тарапынан жек көру туғызасың.

Ілмектер: әйел, арам, жұмыс, қиын, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Үйрету де керек, бiрақ көтермелегенге жетпейдi. Үйретiп ұялтқаннан кейiн көтермелеу, жаңбырдан соңғы шуақ секiлдi.

Ілмектер: ұялту, жаңбыр, шуақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Зорлық шын мәнiнде iшкi әлсiздiк сезiмнiң белгiсi.

Ілмектер: зорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіздік, сезім, белгі Махатма Ганди

Қателiксiз адам жоқ. Кiмде қателiк аз болса, соларды жақсылар қатарына жатқыз.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жақсы Гораций

Адамдар бақытының мәнiсi олардың iстелуi тиiс нәрсенi iстеудi ұнатуында.

Ілмектер: адам, бақыт, ұнату, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Клод Гельвеций

Көпшiлiгiмiздiң тiрлiгiмiз тарақандiкi сияқты, яғни өмiр бойы жылы жерде отырып, мұртшаларын қимылдату, нан жеп, кiшкене тарақаншаларды қаптату.

Ілмектер: тірлік, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький