Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

Ілмектер: Батырлық, тәуекел, ақыл, есеп, ақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жаман әдет жұқпалы деген рас…

Ілмектер: жаман, әдет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев

Рухың мен жаныңды таза ұста.
Себебі бұлар сенің тәніңнен де сұлу қасиетке лайықты.

Ілмектер: Рух, рухани байлық, жан, таза жан, тән сұлулығы, жан сұлулығы, рухани даму

Заман өзгерді деп айту орынсыз, заманды өзгерткен адамдар тұрғанда.

Ілмектер: заман, адам, адамдар, қазіргі заман, қазіргі адамдар, заман мен адам

Құл үнемi құлдың қылығын жасай бередi деп қалма.

Ілмектер: құл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Георг Лихтенберг

Алдау-арбау арқылы қызмет бабында өсуге тырыспа.

Ілмектер: алдау, арбау, қызмет, өсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Орта жол — даналыққа ең жақын нүкте, оған жетпеу одан асып кеткенмен бiрдей.

Ілмектер: жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даналық Конфуций

Адамдар қажетсiз болып қалған жұмысты iстеуге әрқашан әзiр тұрады.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин

Есiңiзде болсын, сұхбаттасыңыз толығымен әдiл болмауы мүмкiн. Бiрақ ол бұлай ойламайды. Оны сөге көрмеңiз, бұл тек ақымақтың тiрлiгi. Оны түсiнуге тырысыңыз. Тек ақылды, кешiрiмдi, сирек кездесетiн адамдар ғана осылай iстейдi.

Ілмектер: әділ, ақыл, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Өмiр бойы басшылыққа алып өтетiн сөз бар ма? Бар, ол — кiшiпейiлдiлiк!

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кiшiпейiлдiлiк, басшылық Конфуций

Жеңген иттiң құйрығының қайқысы-ай
Артын ашып, абыройын жаппаған.

Ілмектер: жеңіс, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, абырой Иран-Ғайып

Шағына бастасаң, демек, сенiкi дұрыс болмағаны.

Ілмектер: шағыну, дұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин

Бұл өмір абақты ғой саналыға...

Ілмектер: өмір, абақты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Бұрын шын бар бүгін шын,
Ертең шын бар үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.

Ілмектер: шын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бұзылмау Шәкәрім Құдайбердіұлы

Менімен менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.

Ілмектер: өлім, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Дүниеге келмей бақ,
Келсең бірақ өлмей бақ.

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Қорқыт ата

Атақ, бақ та қолға салған сақина тәрізді, қанша асыл болғанмен түбі тозады.

Тақтағы хан да, алтын табақтағы жылан да бір. Тием дегенді шағып алуға тиісті.

Адамның бағы көтерілген сайын, жауы да көбейеді.

Ажалсыз - аждаһанның аузынан құтылады.

Егер ажалың келсе, алтын сандық ішінде тығылып жатсаң да, табады. Ажалың келмесе, жаңбырлап оқ атса да аман қаласың.

Адамның қасы - арам шөп тәрізді. Отаған сайын қаулай түседі.

Жылан шаққан адам ала жіпті аттауға қорқады.

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық нар кісінің ісі.

Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.

Асқақтама аспаққа асыласың
Артта қалма аяққа басыласың
Орта жүрсең бәйгеге қосыласың.

Орындалған ұсақ мақсаттан, орындалмаса да биік мақсат артық қой қашанда.
Гете

Шектелу - өз бойыңдағы бар күш-қуатыңды бір нүктеге қадау.
Эдуард Бекер

Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын.

• Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сен жақсылықты жамандықтан жасауың керек, өйткені оны жасайтын басқа ештеңе жоқ.
Роберт Пенн Уоренн

Жер бетінде бақытсыздықтан басқа толық жүзеге асатын ештеңе жоқ.
Анора де Бальзак

Сенім жоқ жерде - ізгілік те жоқ.
Достоевский

Қиянат жасаудың мың түрі бар, ал қиянат жасамаудың түрі біреу-ақ, ол- тек қиянат жасамау.


Жаман деп жүргенімізді жақсы деуге батылымыз жеткен күні, біздің өмірімізде ұлы кезеңдер басталады.
Ф. Ницше

Адамдар ең көп азапты қарапайым ақиқатты елемегеннен шегеді.
Ф. Ницше

Бостандық деген не? - Ар-ұяттың тазалығы.
Периандр Коринфский

Өмір деген қашан да - кеменің апаты.
Х. Ортеге-и-Гассет





Ілмектер: Адам өмірі, тағдыр, шет ел әдебиеті Еңлік Жұмаш

Бақыт дегенiмiз бақытсыздықтан аулақ жүру дағдысы.

Ілмектер: бақыт, дағды, бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов

Менiң көруге, естуге және зерттеуге болатын нәрсеге бүйрегiм көбiрек бұрады.

Ілмектер: көру, есту, зерттеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Жеңу — ақымақтың iсi. Жеңу емес, сендiру керек — даңққа лайық iс мiне осы.

Ілмектер: Жеңу, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даңқ Виктор Гюго