Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

...Ақша мүлікке құлдарға құл болған ақымақ басым...

Ілмектер: Ақша, мүлік, құл, ақымақ, бас Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Ешкім де көргенінің бəрін бірдей қалт жібермей жадына құйып ала алмайды.

Ілмектер: жады Альфред Адлер

Адами құштарлықтар мен жеңістер астарында жетіспеушілік жатыр.

Ілмектер: құштарлық, жеңіс, жетіспеушілік Альфред Адлер

Үнемі кіші əрі əлсіз бола беру ешбір балаға ұнамайды.

Ілмектер: бала, әлсіздік, кіші Альфред Адлер

Қиындықты сабырмен жеңе алмау кісіні шыдамсыз етіп жібереді.

Ілмектер: қиындық, сабыр, шыдам, Шыдамсыздық Альфред Адлер

Бүкіл жай-жапсарын білмей тұрып ненің əдейі, ненің қасақана жасалғанын кесіп-пішу мүмкін емес.

Ілмектер: қасақана, әдейі Альфред Адлер

Өзін өзі жақсы білетін жəне өзінің іс-қимылын талдауға қабілетті адам сирек ұшырасады.

Ілмектер: талдау, қабілет, адам, іс-қимыл Альфред Адлер

Іс жүзінде біреуге жол бере қоятын адамды табу қиын: ол — адам табиғатына жат нəрсе.

Ілмектер: жол беру, адам, табиғат Альфред Адлер

Басқаға ықпал етудің тиімділігі ол өз құқықтарының сақталатынына сенімді болған жағдайда арта түседі.

Ілмектер: ықпал, тиімділік, құқық, сенім Альфред Адлер

Басқалармен барлық байланысы шарт үзілген адамды көз алдыңа келтірудің өзі қиын.

Ілмектер: байланыс, адам Альфред Адлер

Көзге шөп салу — кек алумен пара-пар.

Ілмектер: Көзге шөп салу, кек алу Альфред Адлер

Біз маңайымыздағыларға қатысты жиі ағат қадамдар жасаймыз, біздің олар туралы пікірлеріміз де көбіне-көп шындыққа жанаса бермейді.

Ілмектер: пікір, шындық Альфред Адлер

Назар оятудың ең басты шарты — дүниеге деген шынайы жəне терең қызығушылық сезімнің болуы.

Ілмектер: қызығушылық, сезім, дүние Альфред Адлер

Қателеспейтін кісі жоқ, маңызды нəрсе — сол қателерді жоюға болатындығы.

Ілмектер: қателік, батылдық Альфред Адлер

Адамдар кейде қарсы жүріп келіп жатып та — бір-бірімен жүздеспей өте шығады, екеуара сөйлесіп тұрып та — ешкімге арнамай сөйлей береді.

Ілмектер: сөйлеу, адам, жүздесу Альфред Адлер

Өтірік — ақиқатты айтуға батылдық жетпеуімен тікелей байланысты құбылыс.

Ілмектер: өтірік, ақиқат, батылдық, құбылыс Альфред Адлер

«Бір кезде жер бетінде жұмақ орнаған заман болған екен» деген ойды барлық діннен кездестіруге болады.

Ілмектер: жұмақ, заман, дін, ой Альфред Адлер

Біз барлық ашушаң, кекшіл, кесапатшыл тіршілік иелерінің бəрін адамзаттың жаулары мен қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек!

Ілмектер: ашу, кек, кесапат, қоғам, жау Альфред Адлер

Қысқа шаш қоюдың сəнге айналуы — бар болғаны əйелдің ер адаммен арасындағы сыртқы айырмашылықтарды жоюға деген тілегінің көрінісі ғана.

Ілмектер: шаш, сән, әйел, еркек Альфред Адлер

Адамдар қиындықты ақылмен жеңеді.

Ілмектер: қиындық, ақыл, жеңу Альфред Адлер