Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ешкiмнен және ештеңеден қорықпа. Өзiңдегi ең қымбатты нәрсе ешкiмнен де, ештеңеден де зардап шекпейдi.

Ілмектер: қорқу, зардап, нақыл, қымбат Лев Толстой

Тәуекел болмаса, қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін мақтаныш та болмайды.

Ілмектер: Тәуекел, жетістік, мақтаныш Рэй Крок

Әділет өтірік пен жалған куәлік көрсетуді жеңетін болады.

Ілмектер: әділет, өтірік, жалған, куәлік, жеңу, нақыл Гераклит

Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: А) не біле аламын? Б) не істеуім керек? В) үміт артарым не?

Ілмектер: адам, рухани, ізденіс, сауал, үміт, нақыл Асқар Сүлейменов

Сен айналаңдағының бәрi ақымақ адамдар дейсiң. Егер сен осылай ойласаң, бұл өзiңнiң өте нашар адам екенiңдi көрсетедi.

Ілмектер: ақымақ, айнала, ой, адам, нашар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Табыс — бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз.

Ілмектер: табыс, көрсеткіш, маңдай, тер, терлеу, нақыл, афоризм, еңбек, қанатты сөздер Рэй Крок

Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара.

Ілмектер: мақсат, өмір, адам, бейшара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иван Тургенев

Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік.

Ілмектер: өмір, мағына, шырақ, көру, жақындау, сұлулық Артур Шопенгауэр

Күдік туса қасиеттілік санамыздан қашады.

Ілмектер: күдік, қасиеттілік, сана Гераклит

Ажал келмейді — ажалға барасың.

Ілмектер: ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Бiр нәрсенi өте iстегiң келген әрбiр жағдайда тоқта да ойлан: iстегiң келген нәрсең жақсы ма, жаман ба?!

Ілмектер: жаман, іс, жақсы, ойлану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет — табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

Ілмектер: ұмтылыс, табандылық, талант, данышпан, жоғары білім, білім, жалқау, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок

Бос уақытымды тиімді пайдаланғанымның арқасында мен қазір баймын.

Ілмектер: уақыт, бай, байлық, тиімділік, пайдалану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Менде демалыс және жұмыс күні болған жоқ. Өйткені мен жұмыс істеп жүріп рахаттандым.

Ілмектер: демалыс, жұмыс күні, рахат, рахаттану Томас Эдисон

Көрсем, естісем, білсем қуанамын.

Ілмектер: көру, есту, қуану Гераклит

Өзiңе айқын нәрсе туралы ғана айт, әйтпесе үндеме.

Ілмектер: айқын, үндемеу Лев Толстой

Табыс қолыңнан оңай кетеді, сол себепті ештеңені күтпе!

Ілмектер: табыс, күту Рэй Крок

Неғұрлым аз сөйлесең, соғұрлым көбiрек жұмыс iстейсiң.

Ілмектер: аз, көп, жұмыс, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Ата-ананы ұмытқан жас — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.

Ілмектер: ата-ана, ұмыту, жас, опасыз, рақымсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы — қайғысы, азап соры.

Ілмектер: бала, жақсы, ата-ана, шеше, әке, абырой, жаман, қайғы, азап, сор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский