Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.

Ілмектер: жат, бала, ішу, жеу Қорқыт ата

Ең ұлы ақиқаттар — ең қарапайымдары.

Ілмектер: ең, ақиқат.қарапайым Лев Толстой

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет

Ілмектер: халық, кемел, азаттық, білім Шоқан Уәлиханов

Бойымыздағы сенімділік, өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі.

Ілмектер: сенімділік Франсуа де Ларошфуко

Өзгенің күнәсін паш етуге асықпаңыз, өз күнәңізді санасаңыз, өзгенікіне жетпей қаласыз.

Ілмектер: күнә, паш ету Уильям Шекспир

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.

Ілмектер: ұстаз, сүю, оқытушы Василий Ключевский

Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.

Ілмектер: адам, керуен Қорқыт ата

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.

Ілмектер: ауыз, қол, жан Мұхтар Әуезов

Жолдасымызға өз қолынан келетін істі жасап беру арқылы көмектесу мүмкін емес.

Ілмектер: жолдас, іс, көмек Авраам Линкольн

Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.

Ілмектер: жетістік, ереже, артық, еңбек, үміт, білу Уильям Шекспир

Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!

Ілмектер: абырой, шаруа Қадыр Мырза Әли

Топырақ тау болмайды.

Ілмектер: топырақ, тау Қорқыт ата

Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

Ілмектер: кітап, жақсы, адам, ақыл, әңгіме Лев Толстой

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.

Ілмектер: тіл, қазақ тіл, кітап Нұрсұлтан Назарбаев

Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім - жаман мұғалім.

Ілмектер: мұғалім, жаман, үйрену Максим Горький

Сақтар болсаң халқыңды, тілді сақта.
Баға жетпес мұра жоқ, тілден басқа.

Ілмектер: сақта, тіл, халық, мұра Әбу Сәрсенбаев

Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.

Ілмектер: тіл, жұрт, жан Халел Досмұхамедұлы

Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

Ілмектер: білім, білімсіз, бақ, азық Мұхтар Әуезов

Ескі киімнің биті ащы,
Жетім баланың тілі ащы.

Ілмектер: жетім, бала, ащы, тіл Қорқыт ата

Боранды күні берілген уәде тынық күні ұмытылады.

Ілмектер: уәде, күн Уильям Шекспир