Үйім
Үйім - далам,
Далада жер басып жүремін мен,
Көрмегенім көп болса да көрерімнен.
Қазақтың əр тасын сүйіп өтем,
Үй – сарай өткізердей хандар күнін
(мұндай жай – біраз жұртқа арман бүгін),
сыңғырап бұлақ үні, Күн әйнектен
төгеді біздің үйге таңнан нұрын.
Бұл үйдің барлық халқы нық,
шетінен тұлға шіренген.
Қамдарын ойлап шарқ ұрып,
шырылдап жалғыз жүрем мен.
Аяздатып, мұздатып,
Жолға шықтым жолаушы.
Шыққаныммен бұл жолға,
Үйде қашан болам деп,
Біздің үйден жұрт жаңалық табатын,
Әкем елге хабар беріп жаңа тым,
Әңгіме айтып отыратын, түзетіп
Москваның уақытымен сағатын.
Қазақта «Ғабиттер» көп,
«Ғабиден» көп,
Малданып ұлы есімге дәлиген тек.
Сәлем жоқ, сауқатта жоқ шіренеді,
– Тұр, папа, күн шықты, ояншы,
Бәрі әзір, дастарқан жайылды.
Тұр, папа, сергіші, жуыншы,
Іше ғой суытпай шайыңды.
– Балалар, отырыңдар, дем алыңдар,
Шешейдің наны мен майын жеп алыңдар,
Түстеніп, асықпастан кетерсіңдер,
Қалаға содан соң да жетерсіңдер.
− Қайыршы ма, кімсің өзін.?
Мазамды алма, қақпа есікті!
− Сен де орынсыз жаппа есікті,
Тастау керек кесірлікті.
Болыңдар сау-саламат үй мен ішім,
Туысқан тілектес бол үлкен - кішің.
"Болды, - деп, - бұл қалайша", — қапаланып,
Оңбасын ешбіріңнің бұған түсің.
Өсекшінің қысқармаған штаты,
Ол келеді сөздің отын тұтатып.
Екі сұлу бірін-бірі кекетіп,
Екі мықты бірін-бірі мұқатып.
Ақбоз үйді тіктіріп,
Көк жайлауда жатырмын.
Шаңырақтан бұлт кіріп,
Шабытындай ақынның
Менің дағы шат күліп,
Өтті студент бір шағым.
Көрдім барып сағынып,
Институт кұшағын.
Осынау бір көне үйге
Өлеңімді көтеріп,
Ақыл алып, мен ылғи
Жүрген жандай көп келіп.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі