Ой көк
Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.
Дүние өте шығар құрдай пырлап,
Өтпейді-ау өтерінде, сірә, жарлап.
Екеуің, ойланшы өзің,
Бірге өскен кішкенеден құрбым едің.
Сағыныш сазы сен едің,
Ғашықтың бірі мен едім.
Армандай асыл ақ гүлім,
Өзіңді аңсап келемін.
Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?
Біздің ауыл, сұрасаң, Белтұрғанда,
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда.
Күн мен айын басқаның мен қайтейін,
Тал шыбықтай солқылдап сен тұрғанда.
Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.
Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.
Бай да өткен, қара да өткен, жарлы да өткен.
Жас бала, кемпір мен шал бәрі де өткен-ай.
Балалар, тіршілікте күліп-ойна.
Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен-ай.
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.
Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,
Он алты, он жетіге келгенде жас, күнім-ау.
Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.
Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
Екі он бесте қосылса тең келмес пе.
Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.
Жылқы айдаймын көшкенде-ей, дөненменен,
Алма мойын арғымақ, шіркін-ай,
Дәурен-ай, көбеңменен, айдай-ай.
Жас өспірім жеткіншек балаларға,
Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі