Сары жез құмған-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сары жез құмған-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 13700
Біздің ауыл, сұрасаң, Белтұрғанда,
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда.
Күн мен айын басқаның мен қайтейін,
Тал шыбықтай солқылдап сен тұрғанда.

Сары жез құмған-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен,
Ашып-жұмған-ай.

Біріншіден не жаман – өсек жаман,
Екіншіден – сүймеген төсек жаман.
Ер жігіттің бойында болмаса өнер,
Жақсы екен ғой жүргені есен-аман.

Сары жез құмған-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен,
Ашып-жұмған-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері