Көк шолақ
Мінгенім астымдағы көк шолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ шоп-шолақ-ты.
Ай, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт,
Тұсыңа біздей құрбың келіп қапты.
Сенің ауылың Қордайдың жотасында,
Менің ауылым Қопаның қырқасында, Мөртай-ай!
Тал бойыңда тарыдай бір мнің жоқ,
Тоты құстай түрленіп тұрсың ба,Мөртай-ай!
Кеткенде сенен алыс жерге шалғай,
Жүрермін сені қалай есіме алмай.
Өзімнің тыңдап тапқан бақытымсың,
Бейнең тұр көз алдымда атқан таңдай.
Тос мені, тос, қалқатайым,
Көп кешікпей мен барам.
Келеді деп күткен сайын,
Асқын басын жан-жараң.
Жайнаған жазғы таңда қызыл гүлдей,
Қараған қарақат көз сыр білдірмей.
Айтады ақ жүрегің сыбырменен,
Достықтың, шын жүректің белгісіндей.
Көктемде алма бағында,
Қызбен жігіт сырласты.
Бұлбұл сайрап маңында,
Алма ағаштар гүл шашты.
Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде,
Қызықтаймыз көктемнің суретіне.
Біз келеміз, Ертісте тербелеміз,
Көлеңкеміз түседі су бетіне.
Таң атқанда гүл бағын суарамын,
Күнде ертемен өзеннен су аламын.
Алтын сәуле көремін сол бір шақта
Сенің нұрың болар деп қуанамын.
Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны,
Сырласумен жазғы таңның атқаны.
Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры,
Аққайыңның желмен сыбдыр қаққаны.
Шіркін-ай ойда-жоқта болдымда кез,
Жайықтан бір қыз көрдім қарақат көз.
Асыққан балықшы екен амалым не,
Қалдым-ау, естей алмай бір ауыз сөз.
Қос бұрымың қара бұлақ аққандай,
Қара бұлақ таудан құлап жатқандай.
Аунап түсіп қаз омырау кеудеңе,
Жүргіңді тыңдап, толас тапқандай.
- Бегалы Амина
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі