Бұлбұл – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бұлбұл» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3180
Ай, жұлдыз күлім қағып нұрлы аспанда,
Қарсы алар екі ғашық сырласқанда.
Сайрайды бұлбұл әнін тамылжыта,
Көктемде алма ағаштар гүл ашқанда.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды.

Көктем кеп, тамылжыды бұлбұл әні,
Әнге ұйып, жұрт құлағын түрді бәрі.
Күн күліп, орман өсіп, арман қаулап,
Көрікті кең өлкемнің кірді сәні.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері