Жас мұғалім – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жас мұғалім» атты Тайыр Жароков жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 949
Мектеп ашып,
Білім шашып,
Елге жеміс егетін.
Жас мұғалім,
Нұрын ғылым
Жас ұланға себетін.
Жас ұланның,
Аш қыранның,
Сәуле сеуіп, сауатын.
Текке еткізбей,
Көпке өткізбей,
Жас өмірдің сағатын.
Еңбекші елде,
Бүліс белде,
Талай надан бауырың,
Соған жапсыр,
Соған тапсыр,
Коммунизм тамырын.

1927


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері