Көгілдір көкжиегі аспаным кең – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көгілдір көкжиегі аспаным кең» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 697
Көгілдір көкжиегі аспаным кең,
Жеткізбес алты қырды асқаныммен.
Құлпырып мың сан гүлі тұрса-дағы
Сол жаздан мынау бір жаз басқа мүлдем.
Айналып келгендей ме басқа ғалам,
Досым да бұрынғыдай қоштамаған.
Қалықтап Алтай жаққа жетті ме екен,
Алатау бауырынан бастаған ән?
Мынау жаз жанымдағы мұңды ұқпаған,
Қарайды бөтен көзбен мүлгіп маған.
Дүние дөңгеледі, діріл қақты
Бір ерек шуақ барын мың құптаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері