Алма ағаш тағы гүлдеді – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алма ағаш тағы гүлдеді» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3399
Көктемде алма бағында,
Қызбен жігіт сырласты.
Бұлбұл сайрап маңында,
Алма ағаштар гүл шашты.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Көктемнің келді айлары.
Қызбен жігіт сырласты,
Алма ағаштар жайнады.

Толқыта шаттық жүректі,
Оқуға кетті сүйгені.
Арада айлар,жыл өтті,
Алма ағаш тағы гүлдеді.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Құлпырды колхоз аймағы.
Оқуға кетті сүйгені,
Алма ағаш тағы жайнады.

Маман боп оқу бітіріп,
еңбекпен қыз кеп ұласты.
Сабағың жерге түсіріп,
Алма ағаш тағы гүл ашты.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Қызу еңбек қайнады.
Екі дос тағы қосылды,
Алма ағаштар жайнады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері